29.11.2021 жылы Жалағаш аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің дәрігерлері және Облыстық көпбейінді ауруханасының хирург дәрігері Б.Қуанышбаевтың қатысуымен, хирургия бөліміне жоспарлы түскен 36 және 34 жастағы науқастарға "Лапароскопиялық холицистоэктомия" отасы жасалды. Аталған операция ауруханамызда осы жылдың маусым айынан бастап жасалынуда. Отадан кейін науқастардың жағдайы жақсы, ота сәтті өтті. Атап өту керек, бұрын соңды аталған ота тек облыс көлемінде жасалған.
