Туылған күні тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген сәбиіміздің бауы берік, болашағы жарқын болуын тілейміз. Еліне елеулі,халқына қалаулы азамат болып,ата-атасының қуанышына өсе берсін. Тәуелсіздік күні дүние есігін ашар батырларымыз бен аруларымыз көбейе берсін. Сәби Жалағаш аудандық ауруханасының, перзентхана бөлімшесінде ,16-желтоқсан күні сағат 00:15 те дүниеге келген.Ұл бала. Нәрестенің салмағы- 2.695 кг , бойы- 49 см .Анасы Серикбаева Бакыткул 1986ж.т.,3-жүктілік,3-босану. Қазіргі уақытта ананың да,баланың да жағдайы жақсы.

