Мейіргерлер апталығы - ақ халатты абзал жандардың еңбегін ұлықтайтын ерекше кезең. Осы орайда Жалағаш аудандық ауруханасы өз мейіргерлерін таныстыруды жалғастырады.
Елибаева Шолпан Амангелдіқызы 1967 жылы 11 желтоқсанда Жалағаш кентінде дүниеге келген. 1985 жылы №31 мектепті үздікке бітірген. 1987 жылы Қызылорда медициналық колледжін «мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Ленинск қаласында әскери бөлімде мейіргер болып бастаған.
1990 - 1994 жылдың наурыз айына дейін Қызылорда қаласы №7 орта мектепте мейіргер.
1994 жылдың наурыз айынан бастап Жалағаш аудандық емханасының дерматовенерология кабинетінде мейіргер қызметін атқарып келеді.
Елибаева Шолпан Амангелдіқызы жұмыс атқарған уақытында тек жақсы жақтармен көріне білді, өзіне бекітілген қызметті тиянақты, ұқыпты, уақытылы орындап отырады, әдепті, жауапкершілігі мол, кішіпейіл, ұжым арасында беделді, сыйлы. Уақытылы білім деңгейін жетілдіріп отырады.Мінезі қарапайым, ұйымдастыру қабілеті мол.
Қызмет атқарған әр жылдары түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда:
2025 жылы Республика күніне орай Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы.
2021 жылы 12 мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне орай Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хатымен.
2021 жылы 16 маусым Медицина қызметкерлер күніне Жалағаш аудандық ауруханасы кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен марапатталды.
2012 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнінің 20 жылдығымен Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен.
2008 жылы Жалағаш ауданы әкіміні алғыс хаттарымен марапатталған.
