12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күніне орай ұйымдастырылған Мейіргерлер ісі апталығы аясында Жалағаш аудандық ауруханасында ерекше әрі тағылымы мол кездесу өтті.
Ауруханада ұзақ жылдар еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагер мейіргерлер арнайы шақырылып, жас мамандармен жүздесті. Кездесу барысында олар өздерінің кәсіби жолы, қызметтегі қиындықтар мен қызықты сәттері туралы айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Ашық сұхбат форматында өткен бұл шарада ардагерлер жас әріптестеріне бағыт-бағдар беріп, құнды кеңестерін ұсынып, мейіргер мамандығының маңыздылығы мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Мұндай кездесулер - ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас мамандарға шабыт беретін, кәсіби дамуға жол ашатын маңызды алаң.
