2026 жылғы 4 мамыр күні Жалағаш аудандық ауруханасының «Жас аналар» мектебінде жауапты мамандардың қатысуымен семинар сабақ өткізілді.
Семинар барысында дұрыс тамақтану пирамидасы, ана сүтінің маңыздылығы, жүкті әйелдердегі физиологиялық өзгерістер, сондай-ақ баланың жас ерекшеліктеріне сай дамуы тақырыптарында ақпараттық дәрістер оқылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты - ана мен бала денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және жас аналарға жан-жақты қолдау көрсету.
