ҰБТ - жас жеткіншектердің өміріндегі ең маңызды сындардың бірі. Оқушының болашағы оның нәтижесімен тікелей байланысты. Болашақта жақсы мамандық иесі атанып, қоғамға пайдасын тигізетін білімді азамат болу үшін тыңғылықты дайындық қажет.
Талапкерлердің тестілеу пунктіне келген сәтте қобалжуы мен толқуы - табиғи құбылыс. Осындай сәттерде психологиялық қолдау мен дұрыс бағыт-бағдар беру маңызды рөл атқарады.
Осы мақсатта №202 мектептің 11-сынып оқушылары арасында «ҰБТ-ға сеніммен барайық!» атты кездесу өткізілді.
Іс-шараны Жалағаш аудандық ауруханасының профилактикалық және әлеуметтік бөлімінің Жастар денсаулығы кабинетінің дәрігері А.Бектаева және психолог Б.Құлышева ұйымдастырды. Кездесуде оқушыларға сынға дайындық кезінде эмоцияны басқару, күйзелісті жеңу және өз күшіне сену жолдары түсіндірілді.
Шара соңында оқушылар пайдалы кеңестер алып, алдағы ҰБТ-ға сеніммен қадам басуға жігерленді. Меньше
