12 мамыр - Халықаралық мейіргерлер күніне орай Мейіргерлер апталығы шеңберінде Жалағаш аудандық ауруханасында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апталықтың басты мақсаты - мейіргер мамандығының беделін арттыру, корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, халық арасында мейіргер ісін кеңінен насихаттау және пациенттердің сенімін нығайту болды. Сонымен қатар, кәсіби және қоғамдық өзара әрекеттесудің заманауи тәсілдерін енгізуге ерекше көңіл бөлінді.
Іс-шара барысында мейіргерлер үшін арнайы демалыс аймағы ұйымдастырылып, пайдалы сусындар, жемістер мен ауызсу ұсынылды. Бұл олардың жұмыс арасындағы қысқа үзілісті тиімді өткізуіне мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, командалық рухты нығайту мақсатында тимбилдинг ұйымдастырылып, сенім, өзара қолдау, коммуникация және ортақ міндеттерді бірлесе шешуге бағытталған ойындар мен жаттығулар өткізілді. Қатысушыларға ақпараттық материалдар ұсынылды.
Аталған бастамаларға аудандық аурухананың кәсіподақ комитеті қолдау көрсетті.
Мейіргерлердің қажырлы еңбегі - адам өмірін сақтаудағы маңызды тірек. Олардың кәсібилігі мен жанашырлығы әрдайым жоғары бағаланады.
