Мейіргерлер апталығы аясында Жалағаш аудандық ауруханасы өз ұжымындағы білікті мейіргерлерді таныстыруды жалғастырады.
Сарсенбаева Шолпан Сапуовна 1967жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. 1974жыл -1984жыл №38 орта мектепті бітірген 1984жылы Қызылорда медициналық училищесіне оқуға қабылданып,1986жылы бітірген. 1986жылы Жалағаш аудандық өкпе аурулар ауруханасына кезекші медбике болып жұмысқа қабылданған. 29.11.1997жылы Туб кабинетке учаскелік мейірбике болып ауыстырылған. 19.08.1986ж-16.11.2016ж.Жалағаш аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде мейірбике болып жұмыс жасаған. 16.11.2016ж.бастап Жалағаш аудандық орталық ауруханасы фтизиатрия бөлімінде аймақтық медбике болып жұмыс жасайды. 07.03.2007ж.8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне алғыс жарияланды. 12.05.2008ж.12 мамыр Мейірбикелер куніне Аудандық Денсаулық сақтау бөлімінін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 19.06.2011ж.19 маусым «Медицина қызметкерлері» куніне Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. 12.05.2013ж.Мейірбикелер куніне Мақтау грамотасымен марапатталды. 15.06.2014ж.Медицина қызметкерлері куніне Жалағаш ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2018ж.Медицина қызметкерлері куніне Жалағаш ауданы әкімінің «Алғысымен» марапатталды. 2021ж.Халықаралық мейіргерлер куніне «SENIM» денсаулық сақтау жуйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының «Алғысымен» марапатталды.
