Аудандық аурухананың Балалар бөлімі мен Жұқпалы аурулар бөлімі ұжымы Мейіргерлер апталығы аясында жарқын флешмоб өткізді
Бұл шара - күн сайын адам денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген мейіргерлердің бірлігі мен кәсібіне деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
Ақ халатты абзал жандардың еңбегі - құрметке лайық. Олар әр науқасқа үміт сыйлап, сауығу жолында үлкен рөл атқарады.
Флешмоб арқылы ұжым өздерінің ұйымшылдығын, белсенділігін және көтеріңкі көңіл-күйін көрсетті
Барша мейіргерлерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, алғысқа бөлене берсін!
