Терапия бөлімінің тәжірибелі мейіргері Р. Есалиева - кәсібилік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі.Күнделікті еңбегі арқылы пациенттердің сеніміне ие болып, әріптестеріне үлгі болуда.
Мейірім мен жауапкершілікті қатар ұстанған абзал жанға алғысымыз шексіз!
Мен Есалиева Рыскүл Қуанышбайқызы 06 қаңтар1986жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,Таң ауылы Жаңақоныста дүние келдім.
2003 жылы 11 жыл оқып білім алған мектебіммен қоштасып үлкен арман арқалап болашаққа қанат самғадым.
Сол жылы Қызылорда облыстық медициналық колледжінің “Мейірбике ісі ” мамандығына қабылданып оқуға түсіп студент атандым.
Негізі бұл мамандықты ата- анамның қалауымен таңдаған болатынмын, әрбір перзент ата - анасының разылығын алу қажет деген ой болды басында. Кейін студент болғаннан кейін практикалық сабақтарда ауруханаларға барғанда, жаны ауырып ем іздеп келген әрбір емделушілерді көргенде көмектесіп, жанына жалау болғанда мамандықты дұрыс таңдап берген ата-анама шексіз рахметімді айттым. 2006 жылы 25 маусымда 2 жыл10 ай оқыған медициналық колледж аяқтап “Тәжірибелі мейіргер” дипломымды алдым. 2006 жылы 19 тамыз айында Жалағаш аудандық “Туберкулезге қарсы күрес” диспансерінде алғашқы еңбек жолымды Алланың қалауымен бастадым. 2008 жылы Аудандық аурухананың Терапия бөліміне ауыстым Аллаға шүкір абыроймен жанына ем іздеп келген әрбір емделушіге қолымнан келгенінше қызмет етіп келемін. 2009 жылы 02 қазан айында өмірлік жарым Орынбасармен қол ұстасып болашақтың есігін аштық. Төрт баланы тәрбиелеп отырмыз.
2003 жылы 7сәуір айында “Денсаулық күні” ұзақтыққа жүгіру марафонынан Қызылорда облыстық оқу орындары арасында 2 орын алып марапатталдым. 2019 жылы 12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күнінде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтан Алғыс хат . 2023ж Алматы облысындағы Әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мейіргер ісі бакалавр студенті аталып, 2025 жылы “Денсаулық сақтау”бакалавры дипломын алдым 2024 жылы 14 маусым Медицина қызметкерлер күнінде Алғыс хат «Аманат» партиясы атынан, 2025 жылы 18 наурызда Жалағаш аудандық ауруханасының кәсіподақ ұйымының “Ұлттық спорт - мәдени мұраны сақтау,жас ұрпақтың сана сезімін күшейту!” тақырыбында медицина қызметкерлер арасында өткізілген сайыста 2 орынмен марапатталдым.
2025жыл 27 сәуір Қазақстан Халық Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік жарысы » аудандық марафонында әйелдер арасында жүгіруден 1 орын Дипломмен марапатталдым.
Қазіргі таңда Жалағаш аудандық ауруханасың Терапия бөлімінде 20 жылдық стажы бар, жоғары санаттағы кезекші мейіргермін.
