Халықаралық мейіргерлер күніне арналған апталық аясында Жалағаш аудандық ауруханасы өз ісіне адал, мейірімі мен кәсібилігімен танылған мейіргерлерін ерекше ілтипатпен таныстырады.
Мен Кадирова Гулнар Абиловна
21 тамыз 1965жылы,Жалағаш кентінде дүниеге келдім.1972 жылы №123 қазақ орта мектебіне алғашқы рет қабылданып,1982 жылы бітіріп шықтым.1984 жылы Арқалық қаласының медицина училищесіне оқуға түсіп,мейіргер мамандығы бойынша 1986 жылы бітіріп шықтым.
Еңбек жолымды 07.08.1986 жылы Жалағаш аудандық ауруханасы хирургия
бөлімінде мейіргер болып бастап,1988 жылдан осы уақытқа дейін Жалағаш
аудандық емханасы хирургия кабинетінде мейіргер болып жұмыс атқарып келемін.
Осы жұмыс барысында жеткен жетістіктерім:2016 жылы Қызылорда
облыстық денсаулық сақтау басқармасының Алғыс хаты,
2022жылы" Аманат"- партиясы Жалағаш аудандық филиалының Алғысы,
2022жылы Жалағаш аудандық аурухананың бас дәрігерінің Құттықтауы,
2024жылы Жалағаш ауданының әкімі Алғысы,
2026жылы Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хаты және т.б бағалы сыйлықтармен марапатталдым.Жанұямда 4 бала тәрбиелеп өсіріп,жеткізген анамын.Әр бала өз саласы бойынша жұмыс атқарады.
