12 мамыр-Халықаралық мейіргерлер күні аясындағы мейіргерлер апталығы аясында Жалағаш аудандық ауруханасында «Ана сүтімен қоректендіруді сақтау, қолдау және ынталандыру» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар барысында ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығы, оның бала мен ана денсаулығына пайдасы, сондай-ақ оны қолдау жолдары кеңінен талқыланды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби біліктіліктерін арттырды.
Мұндай шаралар мейіргерлердің кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, қоғамдағы ана мен бала денсаулығын нығайтуға зор үлес қосады
